кушти олен ....журектен шыкканы коринип тур!!!!жарайсын Сәлеметсіз бе админ. Шығарып жатсаныз рахмет. Жасырын түрде болса.
Келін боп түстім шаңырағыңа,жас келдім,
Тұрмыс жағдайым орташа дедің, ескердім.
Сеніп келіп ем бақытты әулет болам деп,
Жүрегіңдегі орташалықты кеш көрдім.
Күн-түн демедің, ұят демедің, қыдырдың,
Аяламадың аманатқа алған гүліңді.
Әр атқан таңда жалбарынушы ем бақ сұрап,
Неліктен жөнге келмедің? Неге бүліндің?
Есебімше сегіз жыл...
Бар екен басқа сүйгенің,
Неліктен онда асығыс маған үйлендің?
Неліктен маған өзіңнен айнымайтын қып,
Алтын асықтай сый бердің?
Көрмедің өзің жасаған маған сыйыңды,
Білмедің менің аласапыран күйімді,
Екеу боп кеткен сапардан екеу боп келдім,
Пана кылуга "төркінім" деген үйімді.
Көнілде үміт, жүректе сезім өшпеген,
Сені есіме алам жалғыз отырған кеште мен.
Есіктен кіріп келетіндейсің күлімдеп,
Болмағандай бір араздық, реніш, ештеңе.
Ұлыңды сүйем,ұлымды сүйем сағынсам,
Ұлыммен ояу өмірге деген бар ынтым.
Ол менің отты жанымды ұғад(ы) тілсіз-ақ,
Жанартау болып қайнаған ойдан жарылсам!
Серігім етіп сенгенім едің, қайсы амал,
Құр сүлдерім жүр тері жамылған,қаусаған,
Ішімде бәрі айтылмай жүрген сөздерім
Кеудемде жүрек жек көріп-сүйіп шаршаған.
Мекенім менің баяғы мекен, көшпедім,
Кешірдім сенің жасағаныңды, кешпедім.
Қалауым менің біреу-ақ күнім,қалаймын,
Кеудемде сені жек көру-сүю өшкенін.
Саған да қиын, маған да қиын түсінем,
Кешегі тірек, арқа сүйейтін күшім ең,
Сұңқарым көріп сыйлап ем сені, қиын-ақ,
Жапалақ болдың, таранған аққу құсың ем.
Көкек дейін бе балапандарын тастайтын,
Мас кезде ғана хабарласудан аспайтын.
Тұңғышын,ұлын, шаңырағының шаттығын
Айтшы жамағат, қай жүрек қиып тастайтын?
Екі жылға да жуықтап қапты,жарқыным,
Жұбыңсыз дүние кең сондай, сондай тар күнім,
Қылықтарын да,көрмедің, тәй-тәй басқанын,
Шауып жүр шүкір, көрмей сыйлаған алтының.
Тоқтайын енді,жеңілдеп қалдым біршама,
Әпкелер рахмет уақыты аз боп тұрса да
Оқыған менің сағынышымды іштегі
Жүректің мұңын жек көріп-сүйіп шаршаған.